Басты бет

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқарсмасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қызылжар аудынының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Мерей» өнер мектебі» 2004 жылдың сәуір айында құрылды. Бұл — қосымша білім беру қызметін көрсететін және ауылдық аймақтың балалары мен жасөспірімдеріне арналған мәдени іс-шаралардың орталығы болып табылатын көп салалы кәсіпорын. 2009 жылдан бастап мектеп ұжымын Әлия Серікқызы Сеңкібаева басқарады. Ол вокал бөлімінің педагогы, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған, бірнеше рет Қызылжар ауданы әкімінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Алғыс хаттарымен марапатталған. Ә.С.Сеңкібаева үлкен педагогикалық тәжірибеге ие, оның оқушылары бірнеше рет танымал вокалдық байқаулардың жүлдегерлері атанды.

«Мерей» өнер мектебі жұмыс істеген жылдар ішінде мектепті 200-ден астам оқушы бітіріп шықты, олардың көпшілігі орта және жоғары оқу орындарында оқуын жалғастырды

Мектепте көркемдік-эстетикалық бағыттағы қосымша білім берудің оқу бағдарламалары табысты іске асырылуда, оқытумен 200-ден астам бала қамтылды. Әдістемелік жұмыс заманауи талаптарға жауап береді, семинарлар, үздік тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату, педагогикалық конференциялар, көрнекі іс-шаралар және т. б. арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін, функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Мектепте шығармашылық, ынтымақтастық, инновациялық идеялар атмосферасы, психологиялық жайлылық орнаған, сондай-ақ тәрбиеленушілер мен педагогтардың өз-өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасалған.

Мектептің білім беру қызметі келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. Аспаптық бөлімі:
  • домбыра сыныбы
  • фортепиано класы
  • қобыз сыныбы
  • скрипка сыныбы
  • баян сыныбы
  • флейта
  1. Вокалдық бөлім
  • академиялық ән айту
  • домбырамен ән айту
  • эстрадалық ән
  1. Хореография бөлімі
  2. Көркемөнер бөлімі
  3. Хор бөлімі

 

Телефоны: 87153822456

Электронды поштасы: mereyskool2013beskol@rambler.ru 

Мақаланы құрған күні 24.06.2021 10:27

Мақаланы жаңартқан күні 29.11.2021 11:11