Тұңғыш Президент күніне арналған аудандық концерт

Мектеп оқушылары Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік концертке қатысты. "Шашу" домбыра ансамблінің орындауында белгілі "Балбырауын" күйі орындалды. "Қызылжар" би ансамблінің үлкендер тобы "Қазақ биін", ал кішілер тобы – "Махонька" орыс халық биін орындады.

Аудандық мәдениет үйінің фойесінде көркемөнер жұмыстарының көрмесі, оның ішінде көркемсурет бөлімінің педагогы Анастасия Глухихтың суреттері де ұсынылды. Жұмыстар бірыңғай музыкалық-эстетикалық ойда орындалған және біздің мектептің барлық бағыттарына – көркем, хореографиялық, вокалдық, аспаптық бөлімдеріне арналған.

"Бүгін біздің мектебімізге арналған көрме ұсынылды",— дейді Анастасия, — "Менің шабытым, қазіргі өмір туралы. Мен әрбір картинаны, бейнені сезініп, өнердің барлық шығармашылық адамдарын қалай біріктіретінін түсіндім. Мектеп директоры Әлия Серікқызы Сеңкібаеваға қолдау көрсеткендері үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бүгін бізбен осы шығармашылық қуанышты бөліскендердің барлығына рахмет!"

 

 

30.11.2021
Қаралым саны: 176