"Каблучок" облыстық байқауы

2022 жылдың 9 сәуірінде облыстық балалар шығармашылығы орталығында "Мерей" өнер мектебінің "Қызылжар" халықтық би ансамблі қатысқан "Каблучок" хореографиялық ұжымдарының жыл сайынғы облыстық байқауы өтті. Облыстың барлық аймақтарынан келген хореографиялық ұжымдардың қызу күресінде біздің ансамбль кіші және орта жас санаттары бойынша 2-ші дәрежелі дипломант атанып, жеңіске жетті. Педагогтарды, оқушыларды және олардың ата-аналарын лайықты жеңісімен құттықтаймыз!

09.04.2022
Қаралым саны: 164